Спорт

Бүгін отандық спортшыларды Париж Олимпиадасына шығарып салу рәсімі өтеді

Бүгін отандық спортшыларды Парижге шығарып салу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысының олимпиадалық дайындық орталығында Қазақстан ұлттық құрамасын Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына салтанатты түрде шығарып салу өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан спортшылары 92 олимпиадалық лицензияны жеңіп алды. Парижде 25 спорт түрінен 80 қазақстандық өнер көрсетеді.

Бірінші борт 20 шілдеден бастап ұшады деп жоспарлануда.

Другие новости

Back to top button