Кызылординская область

Қызылордада ер адам субұрқақта жуынып, қырынып жүр (ВИДЕО)

Қызылордада субұрқақта жуынып, қырынған ер адам видеоға түсіп қалды. Желі пайдаланушылары қала тұрғынының бұл әрекетін айыптады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Instagram-дағы парақшаның біріне ер адамның ұстараны фонтан суына шайып, қырынған видеосы жарияланды.

Желі қолданушылары ер адамды үйсіз деп ойлады.

«Мүмкін ол үйсіз шығар?», «Қоғамдық дәретханалар ақылы ма?», «Жеке гигиенаны сақтау керек, жарайсың» т.б. пікірлер жазылды.

Другие новости

Back to top button