Алматы
Алматыда баласын өлтіріп, артынан өзін-өзі өлтірген әйел туралы тың мәлімет шықты (ВИДЕО)
Алматыда өзін-өзі өлтірген әйелдің баласы арнайы есепте тұрған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мен оның суицид жасағанын растаймын. Біздің азаматша, әйел адам. Өзі Алматыда аттракционнан секіріп, қаза тапты. Туыстарының айтуынша, әйел өлерінен бұрын туыстарына баласын өлтіргенін хабарлаған. Баласы ерекше бала болған, Д-тіркеуде тұрған. Полиция қызметкерлері үйіне барғанда баланың денесін тапты», — деді Қожаев.
Айта кетейік, сұмдық оқиға 24 маусым күні Алматыдағы Горкий саябағында болған.