Выбор редакцииСпорт

HALYK OPEN CUP ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРІ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ӨТТІ

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылында балалар арасында футболдан HALYK OPEN CUP облыстық турнирі өтті. Бұған дейін облыстық турнирлер Алматы, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында өткен. Шаралардың бас демеушісі – «Халық» қайырымдылық қоры.

Турнирді #АуылФутбол жобасы аясында «Арман ауыл» жеке қоры ұйымдастырды. Түркістан ауылдарынан 10 команда, сондай-ақ Жамбыл және Алматы облыстарынан жобаға қатысушы командалар жеңіс үшін бақ сынады.

Турнирдің ашылуына #АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов пен «Халық» қайырымдылық қорының Алматы облыстық филиалының жобалық ттоп басшысы Гауһар Елеусінова қатысты.

Гауһар Елеусінова өз сөзінде спорттық бастамаларды қолдау «Халық» қорының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. #АуылФутбол жобасының ауыл және балалар футболын дамытуға бағытталғанын ескеріп, Қор жобаны ерекше мақтанышпен қолдап отыр деді.

Түркістан облыстық HALYK OPEN CUP турнирінің жеңімпазы болып Алматы облысы Райымбек ауылының RedSapsans командасы танылды.

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданынан келген «Алтын төбе» командасы күміс жүлдегер атанды. Үшінші орын Жамбыл облысының «Қаратау» командасына бұйырды.

Түркістан облыстық HALYK OPEN CUP турнирінің «Үздік ойыншысы» номинациясында Айтбай Нұрсұлтан (RedSapsans), «Үздік қорғаушы» — Асылхан Әлихан («Жылыбұлақ»), «Үздік қақпашы» — Перне Нұрсұлтан («Алтын төбе»), «Үздік шабуылшы» — Исак Әбілмансұл («Қаратау») марапатталды. «Үздік жаттықтырушы» номинациясы «Алтын төбе» командасының жаттықтырушысы Сәрсенбек Нұрмаханға берілді.

Бұған дейін ауыл футболын дамыту мақсатында «Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен #АуылФутбол жобасына қатысушы барлық командалар біркелкі ойын формасы мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Облыстық турнир аясында барлық командалардың жол шығыны төленді.

#АуылФутбол жобасы 2024 жылға 14 аймақта турнирлер өткізуді жоспарлап отыр.

#АуылФутбол жобасы 2020 жылы іске қосылды, идея авторы журналист, қоғам қайраткері Серік Мәмбетов. Жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері — ауылдағы балалар футболына қолдау көрсету. Жоба аясындағы жұмыс барысында 180-нен астам аулдық командаға материалдық қолдау көрсетілді, екі ауылда футбол алаңы салынды, тренерлер үшін ондаған оқыту семинарлары өткізілді, сондай-ақ 30-ға жуық соның ішінде республикалық турнирлер өткізілді.

2024 жылдың 16 наурызында соңғы 4 жылдағы басты оқиғалардың бірі — үздіктерін марапаттау #АуылФутболAWARDS – 2023 рәсімі өтті. Шараның бас демеушісі «Халық» қайырымдылық қоры болып табылады. Марапаттау шарасы ауыл балалары футболын қолдау, футболды спорт түрі ретінде кеңінен насихаттау спортпен айналысу, сонымен қатар балаларды футбол ойнауға мотивация қалыптастыруға бағытталған.

Другие новости

Back to top button