Мангистауская область
Маңғыстау облысында тас жолда КамАЗ көлігі толығымен жанып кетті
Маңғыстау облысындағы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай» республикалық тас жолында КамАЗ көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Бейнеу ауылынан 70 шақырым жерде болған. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, өрт кезінде зардап шеккендер жоқ.
«Өртті сөндіруге «Nobilis Corp» ЖШС мекемесінен 5 өрт сөндіруші, 4 қызметкер қатысты. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде өрт толығымен сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның салдары мен материалдық шығын туралы мәліметтер әзірге хабарланбайды», — делінген агенттіктің хабарламасында.