Выбор редакцииСпорт

#АУЫЛФУТБОЛ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КУБОГІН ЖЕҢІП АЛДЫ

#АуылФутбол жобасының Алматы облысы бойынша құрама командасы 11 жасқа дейінгі балалар арасындағы Қарасай ауданының ашық біріншілігінде (Облыс кубогы) жеңімпаз атанды.

19 мамыр мен 16 маусым аралығында өткен турнирге Алматы облысының бірқатар аудандары – Қарасай, Іле және Жамбыл аудандарынан 16 команда жиналды.

Бірінші кезеңде #АуылФутбол құрама командасы жеңіп, жартылай финалда RedSapsans командасын (Қарасай ауданынан #АуылФутбол жобасының қатысушысы) ұтып, финалда Алматы облысының №2 жасөспірімдер спорт мектебінің командасына ешбір мүмкіндік қалдырмады.

Команда кубокпен, мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды.

Турнирдің үздік қақпашысы болып #Ауылфутбол құрама командасының қақпашысы Ғаниұлы Әли танылса, турнирдің үздік ойыншысы болып команданың жартылай қорғаушысы Айтбай Нұрсұлтан танылды.

Ғаниұлы Әли

Айтбай Нұрсұлтан

Алматы   облысы   бойынша #АуылФутбол   жобасының құрама    командасы «Қарасай сарбаздары» (Жамбыл ауданы, Қарасай ауылы), «Самұрық» (Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылы), «Алмалы» (Алмалы ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы), «Шамалған» және «РедСапсан» (тиісінше Шамалған ауылы және Қарасай ауданы Райымбек ауылы) ойыншыларынан құралған.

Құрама команда турнирлерге өткен жылдың желтоқсан айынан бастап дайындалды. Бас бапкері Азат Битабаровтың айтуынша, дайындықтың маңызды тұстарының бірі оқу-жаттығу жиындарын өткізу болды.

«Ең бастысы – ойында өзара түсіністік. Құрама ойыншылары алаңда бір-бірін түсініп, сезіне бастады. Бүгінгі жеңіс команда үшін өте маңызды, себебі балалар әр ауылдан келген ойыншылар, бұл олардың ұжымдық жұмысының көрсеткіші. Бастапқыда алғашқы оқу-жаттығу жиынында жігіттер кейде бір-бірін түсінбей, әрине, әрқайсысы өзінше мінез танытты, балалардың барлығы бапкеріне, өз командасына үйреніп қалған. Ал бұл облыстық кубок балалардың күш-жігері мен бір командада жұмыс істеу қабілетінің маңызды марапаты, мен де бүгін өте қуаныштымын», — деді А.Битабаров.

Айта кету керек, 11 жасқа дейінгі балалар арасындағы үшінші орынды #АуылФутбол жобасына  қатысушы  — RedSapsans командасы жеңіп  алды.

Қола жүлдегерлер — #АуылФутбол жобасына қатысушы команда — RedSapsans — оң жақта (қызылда)

10 жастан жоғары емес жас санатында #АуылФутбол жобасына қатысушы — Қарасай ауданы Жамбыл ауылының командасы — қола жүлдені жеңіп алды. Ал 13 жасқа дейінгі балалар арасында финалында #АуылФутбол жобасының тағы екі командасы кездесті — «Самрұқ» (Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылы) және «Интер» (Қарасай ауданы, Әйтей ауылы). Самрұқ командасы жеңіске жетті, Әйтей балалары екінші болды.

16 маусымда #АуылФутбол жобасының екі құрама командасы (2013 және 2014 жылдары туылған) Алматы қаласының жазғы балалар мен жасөспірімдер футбол лигасында (БЖФЛ) өз өнерлерін бастады. Алғашқы кездесулер біздің командалардың жеңісімен аяқталды — #АуылФутбол2013 «Батыр» командасын 11:2 есебімен жеңсе, #АуылФутбол2014 8:1 есебімен «Jeuran Запад» командасын жеңді.

#АуылФутбол2011 құрама командасы келесі аптада өнер көрсетеді. Жазғы БЖФЛ «Алматы Аренада» кем дегенде 7-8 аптаға созылады.

#АуылФутбол жобасы 2020 жылы іске қосылды, идея авторы журналист, қоғам қайраткері Серік Мәмбетов. Жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері — ауылдағы балалар футболына қолдау көрсету. Жоба аясындағы жұмыс барысында 180-нен астам аулдық командаға материалдық қолдау көрсетілді, екі ауылда футбол алаңы салынды, тренерлер үшін ондаған оқыту семинарлары өткізілді, сондай-ақ 30-ға жуық соның ішінде республикалық турнирлер өткізілді.

2024 жылдың 16 наурызында соңғы 4 жылдағы басты оқиғалардың бірі — үздіктерін марапаттау #АуылФутболAWARDS – 2023 рәсімі өтті. Шараның бас демеушісі «Халық» қайырымдылық қоры болып табылады. Марапаттау шарасы ауыл балалары футболын қолдау, футболды спорт түрі ретінде кеңінен насихаттау спортпен айналысу, сонымен қатар балаларды футбол ойнауға мотивация қалыптастыруға бағытталған.

Другие новости

Back to top button