Атырауская область
Атырауда әйелді пышақтаған ер адам іздестіріліп жатыр
Полиция Атырауда әйелді пышақтаған ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Облыстық ПД мәліметінше, ер адам мен әйел азаматтық некеде болған. Қазір шабуылдаған адам іздестіріліп жатыр.
9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 30 жастағы әйелді өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Жеке басы анықталып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті мен жәбірленушінің азаматтық некеде тұрғаны анықталды, — делінген Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда ер адамның әйелді пышақтағаны видеоға түсіп қалғанын жазған болатынбыз.