Госорганы

Қауіпті вирустық инфекция: «ақ өкпе синдромы» Қазақстанға жетті ме (ВИДЕО)

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 11 маусымда Үкіметте өткен брифингте «ақ өкпе синдромы» Қазақстанға жеткен-жетпегенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы «ақ өкпе синдромы» инфекциясының жаңа вирустық түрі қазір Қытайда белсенді түрде таралып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, АҚШ пен Еуропада тіркелген.

Аурудың негізгі белгілері – 39 градус температура және үш айға дейін созылатын ұзақ жөтел.

«Өткен жылдың эпидемиологиялық кезеңімен салыстырғанда біз вирустық инфекциялармен сырқаттанушылықтың өсуін байқамаймыз. Қазақстандықтардың ағзада қандай вирус бар екенін түсіну үшін ПТР тапсыруға мүмкіндігі бар. Ауруға келетін болсақ, бұл мәселе күнделікті бақылауда. Елге кірерде айтарлықтай санитарлық тосқауыл бар. Сондықтан қазір Қазақстанда инфекцияның қандай да бір жаңа вирустық түрі пайда болды деп айта алмаймыз, әлі тіркелген жоқ», — деді Ақмарал Әлназарова.

2023 жылдың қараша айының соңында Қытайдың солтүстік аймақтарында белгісіз пневмония түрі тіркелді. Ғалымдардың ұзақ зерттеуі антибиотиктердің көптеген түрлеріне төзімді супербактериялар жаппай инфекцияның себебі болды деген қорытындыға келді. Қытайдағы бұл ауру түрі «ақ өкпе синдромы» деп аталып кетті, өйткені пневмониямен ауыратын балаларда өкпенің рентгенографиясында ақ дақтар байқалған.

Другие новости

Back to top button