Цитаты

Ералы Тоғжанов — Премьер-министрінің орынбасары

Бізде 2001 жылы құрылған микроорганизмдерді зерттейтін бір институт бар. 20 жылда ешбір ғылыми еңбектің нәтижесін көрген жоқпы.Орталығы Жапонияда бар институттар бар. Бір ғылыми үлкен еңбек жоқ. Сонда 20 жыл бойы ғылыми институттар не істеп отыр?

Бұл туралы  Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Адами капитал — жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» ғылым және жоғары білім форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізде 2001 жылы құрылған микроорганизмдерді зерттейтін бір институт бар. 20 жылда ешбір ғылыми еңбектің нәтижесін көрген жоқпын. Былтыр барып тексергем. Пандемияға қатысты барлығы тексерілді ғой. Орталығы Жапонияда бар институттар бар. Бір ғылыми үлкен еңбек жоқ. Сонда 20 жыл бойы ғылыми институттар не істеп отыр?,- деді Тоғжанов.

Ол ғылыми институттарға байланысты мәселені күн тәртібіне қойғанын айтты.

Форум аясында қазіргі заманғы білім берудің негізгі үрдістері талқыланды, жаһандық трендтерге сәйкес жоғары білім беру мен ғылым жүйесін дамыту бағыттары айқындалды, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін басым бағыттар мен міндеттер анықталды.

Другие новости

Back to top button