Алматы

Алматы қаласының бас ветеринары сотталды

Алматы ветеринарлық қызметінің директоры сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты «Қалалық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК директоры М. Жүнісовке және осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Р. Жапарханға қатысты үкім шығарды. Олар жануарлардың обасын анықтау үшін тест-жүйелерді нақты жеткізбестен сатып алуға арналған ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды», — делінген ақпаратта.

Оларға орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Другие новости

Back to top button