Госорганы

«Бұл — біздің соңғы кездесуіміз”: Қайрат Сатыбалдының бұрынғы күйеу баласы сотта өзіне көрсетілген қысым туралы айтты

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы күйеу баласы Абай Жүнісов сотта өзіне көрсетілген қысым туралы жеткізді. Айтуынша, Сатыбалды мен оның серіктестері заңсыз ұстап, өзіне физикалық қысым жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл оқиға 2019 жылдың ақпанынан шілдесіне дейін жалғасқан.

«Бірде мені Қайрат Сатыбалды Kaisar Plaza-ға (Алматыдағы бизнес-орталық) шақырды. Мұнда мен оның не айтатын ойламадым. Маған не істейтініне көбірек алаңдадым. Бұған дейін Гүлмира “бұл біздің соңғы кездесуіміз болуы мүмкін” деп ескерткен еді. Ал Қайрат жеті қабат жер астына жоғалсам да, бәрібір тауып алатынын айтты», – деді Абай Жүнісов.

Сондай-ақ Абай Жүнісов «Қазақтелекомға» тиесілі жабдық арқылы өтірік детекторынан өтуге мәжбүр болған. Сатыбалдының жұбайы, сол арқылы шетелдегі активтер мен мүлік туралы ақпаратты білуге тырысқан.

Еске салсақ, Гүлмира Сатыбалды алқабилер сотынан бас тартқан еді.

Другие новости

Back to top button