Қазақстандықтар тураймақтарға билеттің жоқтығына шағымданды: министр Қарабаев не дейді
Көлік министрлігінің мәліметінше, Алакөлге қосымша пойыздар жүреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Көлік министрі Марат Қарабаевтан туристік орындарға билеттің жоқтығына байланысты шағым түскен. Демалатын маусым әлі басталмай жатып, делдалдар билеттерді жаппай сатып алған болуы мүмкін.
Жауап
«Алакөлге қосымша пойыздар жүреді. Пойыз санын 12-ге жеткізеді. Балқаш-Астана мен Алматыдан арзандатылған субсидияланған әуе билеті болады. Мәселе түбегейлі шешіледі. Қосымша пойыз билеттер сатылымы әлі басталған жоқ. Сатылым басталғаннан кейін билеттер қолжетімді болады. Сондай-ақ жолаушылар вагондары қосымша сатып алынып жатыр. Егер былтыр 118 вагон сатып алынса, биыл 140. Бұрын сатып алынған вагондар 100-ден аспайтын. Келесі жылы 260-вн сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бұл қол жетімділікті де, жайлылықты да қамтамасыз етеді», — деп сендірді министр.
Туризм
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан саяхат пен туризмді дамыту жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) халықаралық рейтингінде өз позициясын едәуір жақсартып, 119 ел арасында 52-ші орынды иеленген еді. 117 ел қамтыған алдыңғы рейтингте Қазақстан 66-шы орында болды.
Ресми мәліметке қарағанда, Қазақстан бірнеше негізгі санатта ең жоғары орыннан көрінген.
Ел баға бәсекеге қабілеттілігі бойынша 2-ші, туризмнің әлеуметтік-экономикалық әсері бойынша 5-ші, денсаулық сақтау және гигиена көрсеткіштері бойынша 23-ші, табиғи ресурстар бойынша 30-шы, мәдени ресурстар бойынша 48-ші, адами капитал және еңбек нарығы бойынша 43-ші, ал сондай-ақ 47-ші-туристік инфрақұрылым және сервис бойынша орыннан көрінген.