Госорганы

185 мың теңгеге жуық айыппұл, 20 күнге дейін қамау: Қазақстанда қоғамдық орындарда тәртіп бұзғандар үшін жаза қатаңдатылмақ

Жаңа заң аясында депутаттар Қазақстанда «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жауапкершіліктің қатаңдатылатынын мәлімдеді. Енді қоғамдық орындардағы мүліктерді қорлағандар 50 АЕК (185 мың теңгеге жуық) айыппұл төлейді немесе 20 күнге дейін қамауда болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Заң бойынша енді енді 434-бабтың жекелеген бөліктерінде «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жауапкершілік қатаңдаған.

“Ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, көпшілік пайдаланатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүліктерді қорлағаны үшін 50 АЕК (бұрын 20 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен 20 тәулікке (бұрын 15 тәулікке) дейін әкімшілік қамауға алу қаарастырылмақ. Бұл заң бұзушылықтарды бір жыл ішінде қайталағандарға 20 (15 тәуліктен бұрын) 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделген”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар енді белгіленбеген жерлерге коммуналдық қалдықтарды тастағандарға 10 АЕК айыппұл салынады.


Ал 434-бабтың 2 тармағындағы «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бойынша заң бұзушылықтар үшін жаза екі есеге ұлғайтылды. Саябақтарды, скверлерді ластағаны, оның ішінде белгіленбеген жерлерге коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 10 АЕК (бұрын 5 АЕК) айыппұл көлемінде айыппұл салынбақ. Ал бұзушылықты бір жыл ішінде қайталағандар 20 АЕК (бұрын 10 АЕК) көлемінде айппұл төлейді.

Другие новости

Back to top button