Алматы

«Тоқалдарға чемодан сатқан» сауда орталығына айыппұл салынды

Алматыдағы «тоқалдарға чемодан сатқан» сауда нүктесінің әкімшілігі жазаланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Гранд Парк» сауда-ойын-сауық орталығы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл жөнінде Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мәлімдеді.

«Ұлттық комиссия қала әкімшілігіне дәстүрлі отбасылық құндылықтарға қайшы келетін «тоқал» құбылысын насихаттайтын жарнама мәртебесіне қатысты сұрау жолдады. Алматы қаласы бойынша ұлттық комиссияның филиалы жұмыс жүргізіліп, жарнама алып тасталды», — делінген хабарламада.

Тоқал институты әйелдердің құқығын бұзады, әйелдерді кемсітеді, теңсіздікті күшейтуге ықпал етеді деп жазды ұлттық комиссия.

Бұған дейін, осы мәселеге байланысты редакциямыздың сұрауына Алматы әкімдігі жауап берген еді. Әкімдік «тоқалдарға арналған чемодан» сатқыш кәсіпкердің жарнаманы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасымен келіспегенін мәлімдеген.

Сонымен қатар, сауда орталығының әкімшілігіне ҚР жарнама туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы ұсыныс беріледі деп уәде берген.

Другие новости

Back to top button