Спорт

Спортта Қазақстанның намысын 200-ден астам легионер қорғап жүр

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев еліміздегі спорттағы легионер санын айтты,деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Елімізде легионерлер тарту мәселесі әлі де бар. Себебі, тәжірибе алмасу керек. Бүгінде Мәжілісте легионер тарту бойынша заң әзірленіп жатыр. Осы 2-3 айда бұл мәселе толығымен шешіледі. «Легионер саны қанша болады? Қанша адам тартылады?» деген мәселе белгілі болады. 2018 жылы бізде 600-ден астам легионер болса, қазір 200-ден астам легионер бар», — дейді Маржықпаев үкіметте өткен баспасөз брифингінде.

Другие новости

Back to top button