Шымкент

Полиция қызметкерлері мас жүргізушіні тоқтату үшін өз өмірлерін қатерге тіккен

Шымкенттегі полиция патрулі ұрланған көлікпен қашып бара жатқан мас жүргізушіні тоқтату үшін өз өмірлерін қатерге тіккен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Анықталғандай, оқиға 9 мамыр күні болған. Мас күйдегі ер адам Түркістан облысында біреудің көлігін ұрлап әкетіп, қауіп төндірген.

Оқыс оқиғаны болдырмау үшін патрульдік полиция инспекторлары Асыл Кеңес пен Бағлан Дүйсебай оның жолын қызметтік автокөлікпен жапқан. Мас адам мінген көлік полиция көлігіне соқтығысқан.

«Көрші облыстағы әріптестерімізден ұрланған көлік туралы бағдар түсті. Рулдегі адамның мас күйде екенін бірден түсіндік. Өзге адамдардың амандығы үшін оны тоқтату керек болды. Сондықтан, өз көлігімізді оның алдына қойдық», – дейді офицерлер.

Другие новости

Back to top button