Атырауская область

Тасқын су келген Индербор ауылының бір бөлігі жарықсыз қалды

Кеше түнде тасқын су келген Атырау облысы Индербор ауылының бір бөлігі жарықсыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың ақпаратына сүйенсек, қазір ауданға келген су Жайыққа қарай жіберіліп жатыр.

«Апатты учаскенің айналасында үш деңгейлі бөгет салынып жатыр.Индербор ауылының бір бөлігі уақытша жарықсыз қалады. Сондай-ақ, резервтік бөгет салынып жатыр», — деді Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов.

Оқиға орнында Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов және ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов бар. Ауданның арнайы техникасы жұмылдырылып, облыс орталығынан қосымша техника тартылды.

Другие новости

Back to top button