Шымкент

Шымкентте әйел шала туған сәбиінің денесін перзентханаға тастап кеткен

Шымкентте әйел шала туған нәрестенің мәйітін перинаталдық орталыққа тастап кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, қорапта жатқан баланың денесі төрт айлық нәрестенің мөлшерімен тең, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«7 мамыр сағат 21:30 шамасында №2 Облыстық перинаталдық орталықтан шала туған нәрестенің денесі табылды. Оны қорапқа салып, тастап кеткен. Сонымен бірге қораптан хат табылды», — деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.

Дәрігерлер анасы толғақ шақыратын дәрі ішкен болуы мүмкін дейді. Полиция әйелді қолға түсіріп, қылмыстық іс қозғаған.

Другие новости

Back to top button