Актюбинская область
Ақтөбеде оқушы қыз жоғалып кетті
Ақтөбе қаласында оқушы қыз жоғалып кетті. Жасөспірімді жақындары мен полицейлер іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасына сілтеме жасап.
Аружан Орынбасарова 2 мамыр күні үйінен шығып, содан қайта оралмаған.
«2007 жылы туған оқушы қыздың бойы 140-150 см, дене бітімі — орташа, шашы – ұзын, қара. Қара футболка, қара шалбар, ақ кроссовка киген. Қызды көрген-білгендер болса 102 телефонына немесе 8 771 785 1058 телефонына қоңырау шалу сұралады», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бұған дейін Павлодарда 53 жастағы ер адам жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.