Алматы
Алматыда 30 мыңға жуық тұрғынның өміріне қауіп төніп тұр – ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов «Ақсай» бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексеру кезінде оны салған мердігердің өз міндеттемелерін орындамауына байланысты заңбұзушылықтарды анықтаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр. Ссыған байланысты «Қазселденқорғау» басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді», — деп хабарлайды ТЖМ.
Оның нәтижелері бойынша агенттік қылмыстық іс қозғап, мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізіп жатыр.