«Сіз оны мойнынан ұстап көтердіңіз бе?»: адвокат Бишімбаевтан Нүкенованың мойнындағы саусақ іздері туралы сұрады
Жәбірленуші тараптың адвокаты Қуандық Бишімбаевтан Салтанат Нүкенованың мойнындағы саусақ іздері қайдан пайда болғанын сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Сіз «Салтанаттың өмірлік маңызды мүшелерінен ұрмадым» дедіңіз. Ендеше оның мойнындағы жарақаттар қайдан пайда болды? Оның мойыны, сіздің ойыңызша, өмірлік маңызды органға жатпай ма?», — деді қорғаушы.
Оған жауап берген айыпталушы: «Нүкенова қайта-қайта жығыла берді. Мен оны аяғына тұрғызуға тырыстым, содан болуы мүмкін», деді.
«Сіз оны мойнынан ұстап көтердіңіз бе?», деп сұрады адвокат. Бишімбаев ол жарақаттардың қайдан пайда болғанын білмейтінін, бірақ Салтанаттың мойынан ұрмағанын айтты.
Адвокат Нүкенованың көгерген мойны саусақ іздерінен болғанға ұқсайтынын айтып, «сіз оны тұншықтырдыңыз ба?», деп сұрақ қойды.
Оған Бишімбаев «Мен оны тұншықтырған жоқпын. Мойын тек саусақпен қылғындырғаннан көгереді деп қайда жазылған?», деп жауап берді.
Айта кетсек, бүгін елорда сотында әйелін қинап өлтірді деген айыппен ұсталған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның қылмысын жасырып қалды деген айып тағылған Бақытжан Байжановтың кезекті сот отырысы өтіп жатыр.