Жамбылская область
Тараз қаласы әкімдігі орындалмаған жұмысқа 75 млн теңге аударған
Жамбыл облысында прокурорлар жасалмаған жұмыс үшін бюджеттен қаражаттың төлену дерегін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тараз қаласының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуы заңдылығына жүргізген тексерудің нәтижеcінде Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің әзірленбеген 4 сметалық құжаттама үшін 75 млн теңгені мердігерге негізсіз аударғанын анықтады.
Аталған дерек бойынша қала прокуратурасы ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу) қылмыстық іс тіркеді. Тергеп-тексеруді жүргізу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды, – делінген хабарламада.Бүгінде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жариялануға жатпайды.