Жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайтын турнирде ауыл командалары бақ сынасты
25-27 наурыз күндері Алматы облысы Қарғалы ауылында футболдан ауылдық балалар командалары арасында «Ауыл футбол кубогы» IV Республикалық турнирі өтті. 30 жылдық мерейтойына арналған турнирдің бас демеушісі TornadoPLUS жиһаз компаниясы болды.
Турнирге Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Павлодар және Алматы облыстарынан 16 команда қатысты. Қатысушылар қатарына 2011 жылдан төмен балалаар жиылды.
«Бұл жобамыздың 4-ші дәстүрлі турнирі, оған біздің #АуылФутбол жобасының қатысушылары ғана емес, үшінші тарап командалары да қатыса алады. Бірақ басымдық, әрине, біздің командаларға тиесілі. Турнир, менің ойымша, серіктесіміз TornadoPLUS компаниясының қолдауының арқасында жоғары деңгейде өтті. Ал турнирдің басты ерекшелігі 1 миллион теңгені құрайтын жүлде қоры болды», — дейді #АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов.
Ойындар 4 топта өтіп, топтық ойындарда әр топтан ең үздік екі команда плей-офф кезеңіне жолдама алды, ол үшін командалар 50 000 теңге алды. Жартылай финал мен финалға шыққандар да 50 000 теңге сыйақымен марапатталса, жеңімпаз қосымша 100 000 теңгеге ие болды. Бір қызығы, финал тек Маңғыстаулық болды – Маңғыстау облысының екі командасы бірінші орынға таласты.
Турнирде аттас ауылдың «Ақшұқыр» командасы жеңімпаз атанса, екінші орын «Намыс-Қызылтөбе» командасына бұйырды. Турнирдің қола жүлделері үшін өткен матчта Алматының «Самұрық» және Павлодар облысының «Заря» командасы кездесіп, жеңімпаз атанған алматылық команда болды.
Тек командалар ғана емес, әр түрлі рөлдегі үздіктер де марапатталды.
«Үздік қақпашы» Ерболов Думан («Намыс»), үздік қорғаушы — Дәулет Дінмұхамед («Ақшұқыр»), үздік шабуылшы — Мерей Саримов («Заря»), турнирдің үздік ойыншысы — «Ақшұқыр» командасынан Қуатқали Адай. Турнирдің үздік жаттықтырушысы болып «Самұрық» командасы Сержан Қаптағаев танылды.
TornadoPlus компаниясының бас директоры Игорь Проценконың айтуынша, мұндай турнирлер тек жарыс ретінде ғана маңызды емес.
«Футбол, әрине, спорт түрі, медальдар мен кубоктар жарыстың ажырамас бөлігі болып табылады. Бірақ саяхаттан алған жаңа әсерлер, жаңа танысулар, жаңа достар, жағымды эмоционалды көңіл-күй – балалар үшін бұл өте маңызды және ұмытылмас сәт», — деді И.Проценко.
Оның ойынша, балалар спортын дамыту балалармен жұмыстың ең маңызды бағыты болып табылады.
«Әсіресе қазіргі уақытта компьютерді көбірек көретін кезде спорт алаңдарында балалар азайып тұр. Сондықтан, балалар спортын, футболды кеңінен насихаттап, барлық облыстардың балаларына тең мүмкіндік туғызу, негізгі мамандығымыз мектеп жиһаздарын жасау болғандықтан, қуана қолдайтын бағыт. Біз мектептермен тығыз байланыста жұмыс істейміз, балалардың қажеттіліктерін көріп, түсінеміз», — деді Игорь Проценко.
Турнир аясында балалар арасында зияткерлік сайыс өткізіліп, байқаудың бас жүлдесі – TornadoPLUS компаниясының жаңа партасын Ақтөбе облысынан келген Рысқалиев Дінмұхамед үйіне алып кеткенін айта кеткен жөн.
Сондай-ақ, Tornado PLUS компаниясы https://omarket.kz/ порталы арқылы жиһаз жеткізуге келісім-шарт жасасып, демеушілік форматында «Қазақ елі қазақ жігіті» арнайы бағдарламасын іске қосып жатқанын хабарлауға асығамыз. Көмек сомасы ауыл мектебіне қосымша қажетті жиһаз бұйымдарын сатып алу сомасының 5% мөлшерінде беруде көрсетіледі.
Мысалы, 1 000 000 теңгеге сатып алғанда, 50 000 теңгеге келісім-шарттан артық жиһаз беріледі. Сондай-ақ, әрбір мәміленің нәтижесі бойынша сатып алу сомасының 1,5 пайызы Ауылдық жерлерде балалар футболын дамыту қорына аударылады.
«AuylFutbol» жобасы 2020 жылы іске қосылды. Жобаның идеясы журналист және қоғам қайраткері Серік Мәмбетовке тиесілі. Жобаның негізгі мақсаты – ауыл балалары футболын қолдау. 4 жыл ішінде демеушілер есебінен 100-ден астам ауылдық балалар командаларына қолдау көрсетіліп, жаттықтырушыларға ондаған семинарлар, 30-дан астам түрлі деңгейдегі турнирлер өткізілді.
Tornado PLUS компаниясы 1994 жылы құрылған. Осы уақыт ішінде компания шағын сауда компаниясынан Қазақстандағы шкаф жиһаздарын шығаратын ірі өндірушілердің біріне дейін ұзақ жолдан өтті. Мектептерге, мектепке дейінгі орталықтарға, кеңселер мен үйлерге арналған шкаф жиһазының бес жүзден астам үлгісі әзірленді. Кәсіпорын өнімдерінің кепілдігі 18 ай, жеке өнімдер үшін 36 ай.
Артықшылығы – мықты кадрлар: Қазақстан мен Ресейдің үздік оқу орындарында кәсіби дайындықтан өткен 200 адам. Жиһаз соңғы үлгідегі жабдықтарды пайдалана отырып жасалады.
2009 жылы компания «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның отандық тауар өндірушілер тізіліміне енді және өнімдегі қазақстандық қамту үлесін кемінде 65% растайтын ST KZ сертификатына ие болды. Жыл сайын компанияның өнімдері Қазақстанның мамандандырылған зертханаларында сертификаттау сынақтарынан өтеді және өнімнің қауіпсіздік пен сапа стандарттарына сәйкестігі туралы сертификаттарға ие. Өндірістік сертификат алынды.
Отыз жылдық қызмет барысында компания бірнеше рет аймақтық және халықаралық жарыстарға қатысты.
Амир Алимжан, специально для Матрица.kz