Актюбинская область
Ақтөбе-Астрахань жолындағы апатта 8 адам қаза тапты
Бүгін сағат 08:36-да Ақтөбе облысының жедел жәрдеміне Ақтөбе-Астрахань тас жолының 120 шақырымында екі автокөліктің соқтығысуы туралы шақыру түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
«Сағат 08:41-де оқиға орнына «Қандыағаш» трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы шықты. Жалпы 11 адам зардап шеккен. Оның 8-і қаза тапты. Үш адам Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізілді», — делінген хабарламада.
Облыстың полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.
«Жол апатының салдары мен қаза тапқандардың жеке басын анықтау шаралары жүргізілуде»,- деп хабарлады полиция департаменті.