Карагандинская область
Қарағанды облысында оқушылар порнофильм көрген
Қарағанды облысының прокуратурасы тексеру барысында білім алушылардың деструктивті ақпаратқа ашық қол жеткізу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқушылар барлық сайттарға қол жеткізе отырып, әртүрлі сипаттағы ақпарат ала алады.
«Мысалы, Шахтинск қаласының оқушылары порнографиялық сипаттағы ақпарат пен есірткі сататын жерлерді іздеу үшін браузерлерді еркін пайдаланған. Балқаш қаласында балалар «ЧВК Редан» мүшесі болу үшін тестіден өткен, бұл ұйым агрессивті жастар тобы саналады және қоғамдық қауіп төндіреді. Заңбұзушылықтар облыстың барлық мектебінде анықталды», — деп хабарлады Қарағанды прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, кінәлі адамдар жауапқа тартылды, білім алушылардың теріс сайттарға кіруін шектеу жұмыстары жүргізілді.