Западно-Казахстанская область
Оралда мүмкіндігі шектеулі адамдарға бөлінген 50 млн теңге талан-таражға түскен
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызмет көрсететіндер жалған деректер беріп, мемлекетке 50 миллион теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін өнім беруші көрсетілген қызметтердің жалған актілерін сағат санын және көрсетілетін қызметті алушыларды асыра бағалау жолымен ұсынды, осылайша бюджет қаражатының негізсіз төленуіне әкеп соқтырды», — деп хабарлады прокуратура.
Материал прокуратура ақпаратын есепке алу кітабында тіркелген және ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) шешім қабылдау үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданды.