Улытауская область
Сәтпаев қаласының әкімі ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласының әкімі ұсталғанын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі бойынша қозғалған.
Бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат ққралдары шенеунік 10 миллион теңге пара алғаны үшін ұсталды деп ақпарат таратқан еді. Антикор деректі растады.
Ашық дереккөзде 40 жастағы Әубәкір Шапағат туралы ақпарат өте аз. Ол 2006 жылы Сәтбаевта экономика және қаржы бөлімінде жұмыс істегені, 2021 жылдан 2023 жылға дейін қала әкімінің орынбасары, ал өткен жылдың қаңтар айынан бастап әкім болғаны жазылады.