Алматы
Алматыдағы лай көшкіні жүрген жерден тағы үш адам өлі табылды

Алматыдағы лай көшкіні жүрген жерден тағы үш адам өлі табылды, — деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы ТЖД өкілдері мәлімдеді.
«Оқиға орнында құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жігіттің мәйіттерін тауып, алып шықты», — деп жазылған хабарламада.
Алматы әкімдігі мәліметінше, 8 ақпанда сағат 02-20-да «Тау Самалы» Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні жүрген.
Оқиға орнында «Қазсселденқорғау» ММ, Алматы қаласы «109 құтқару қызметі» Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қ. ТЖД, жедел жәрдем бригадасы, Медеу ауданы әкімдігінен 160 адам және 30 техника жұмыс істеп жатыр.