«ХАЛЫҚ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ: #АУЫЛФУТБОЛ ЖОБАСЫНДАҒЫ ТРЕНЕРЛЕРДІҢ ЕКІНШІ ТОБЫ «D» САНАТЫНДАҒЫ UEFA Grassroots Leaders СЕРТИФИКАТТАРЫН АЛДЫ
25-26 қаңтар күндері Алматы қаласында «Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен #АуылФутбол жобасы аясында ауыл жаттықтырушыларына арналған екінші оқу семинарын өтті.
Жаттығудан кейін жаттықтырушылар «D» санатындағы UEFA Grassroots Leaders сертификаттарға ие болды.
Шара #АуылФутболБілім бағдарламасы аясында Алматы футбол федерациясымен бірлесіп ұйымдастырылды.
«Ауылда әуесқой, футбол ойнауды білетін, алған білімдерін балаларға жеткізгісі келетін футбол жанкүйерлері көп. Бірақ оларда көбінесе тренинг өткізу, оқу процесін жоспарлау, балалармен және ата-аналармен қарым-қатынас жасау жайлы білік жетіспей жатады. Осындай семинар-тренингтер жаттықтырушы жұмысының негіздері бойынша білім, білік, тәжірибе береді», — дейді #АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов.
Семинар-тренингке Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарынан жиырмадан астам жаттықтырушы қатысты.
Айта кетейік, бұған дейін желтоқсан айында жиырма ауылдық жаттықтырушы оқуын аяқтап, УЕФА-ның D санатындағы сертификаттарын алған болатын.
Алдағы уақытта Орал қаласында Қазақстанның батыс аймақтарында тұратын тренерлер үшін үшінші семинар-тренинг өткізу жоспарлануда.
#АуылФутбол жобасы биылғы жылды Білім жылы деп жариялады. Әріптестермен бірлесіп, демеушілер және мемлекеттік органдармен қарым-қатынас, маркетинг және PR негіздері, әлеуметтік желілерде жұмыс істеу әдісі жөнінде оқу семинарлары мен тренингтер өткізу жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында «Халық» қайырымдылық қоры мен #АуылФутбол жобасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында республика көлеміндегі ауылдық елді мекендердің 100 балалар футбол командасы қажетті құрал-жабдықтармен қамтылады, 100 жаттықтырушы UEFA-ның D санаты бойынша біліктілігін көтереді, облыстық турнирлерлер өткізіледі.
Бүгінгі таңда 70-тен астам команда қолдауға ие болды. Ұлттық құрама үшін оқу-жаттығу жиындары өтті, 40 жаттықтырушы оқытылды.