Госорганы

Тиісті қызметтердің жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер жоспарына түзету енгізіледі

 Сейсмикалық қауіп бар аймақтарда азаматтық қорғаныс қызметтерінің жұмысы күшейтілген режимге көшіріледі. Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осындай тапсырма берді.

«Өңір әкімдіктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осындай төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою бағытындағы әрекеттер жоспарына түзету енгізсін.

Азаматтық қорғаныс басқармалары мен күштерінің басшыларына, жауапты тұлғаларға басқару бекеттерінде жедел әрекет ету мақсатымен уақытша кезекшілік жүргізу керек. Бұл өмірді қамтамасыз етуге жауапты ұйымдардың бәріне қатысты. Ол үшін сейсмикалық қауіп бар өңірлерде азаматтық қорғаныс жүйесін күшейтілген дайындыққа ауыстыру қажет. Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы әкімдігі зардап шеккендерді қажетті еммен қамтамасыз етуі керек», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы сейсмикалық ахуалды ұдайы бақылауда ұстау үшін көрші елдермен бірлесіп әрекет етуді тапсырды.

«ТЖМ қызметтері ахуалды бақылауда ұстасын. Қажетті қызметтердің, оның ішінде жер сілкінісінің эпицентрі болған көршілес елдердің қызметтерімен де өзара үйлесімді әрекетін жолға қою қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Еске салайық, бүгін, қаңтардың 23-інен 34-іне қараған түні Алматыда бірнеше толқынмен жер сілкінді.

Ресми мәлімет бойынша алғашқы дүмпудің амплитудасы 5 балға дейін жеткен. Салдарынан үрей бой алдырған тұрғындардың бір бөлігі қаланы тастап шығуға бекінген. Мұның арты көлік кептелісіне ұласып, жанармай бекеттерінде кезек пайда болған.

Халық арасындағы байбаламды пайдаланып такси бағасын бірнеше есе көтеріп жіберу фактілері де тіркелді.

Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан түнгі жер сілкінісі Алматы мен Шымкенттен бөлек, Астанада және Қазақстанның бес облысында сезілген.

Жер сілкінісі кезінде Алматы қаласында 8 адам зардап шекті, бір тұрғының жағдайы ауыр. Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген.

24-25 қаңтар күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барады.

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматыда жақын уақытта жойқын жер сілкінісі болмайды.

Другие новости

Back to top button