Западно-Казахстанская область

Оралда газ жарылып, екі қабатты дәмхана ғимараты қирап, өртенді

Оралда газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан екі қабатты Rizyq дәмханасының ғимараты құлап, өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқтиға 4 қаңтар күні түнде орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке себеп газдың жарылуы.

Жалын сағат 02:40-та сөндірілген. Қазір үйінділерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар жедел психологиялық көмек көрсету үшін сенім телефоны жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Другие новости

Back to top button