Госорганы

Назарбаев әнұранның авторы мәртебесінен айырылуы мүмкін бе – Мәжіліс төрағасы жауап берді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін мемлекеттік гимн авторларының тізімінен алып тастауға бола ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

БАҚ өкілі Қырғызстанда мемлекеттің тудың өзгергенін мысалға алып, Қошановқа Қазақстанда экс-президент Назарбаевтың есімін әнұран авторларынан алып тастау мәселесі жиі көтерілетінін айтты. Экс-президенттің есімі болашақта авторлар тізімінен алына ма деп сұрады.

“Бұл енді дәл қазіргі күні күн тәртібінде тұрған мәселе емес”, – деді Қошанов.

Сондай-ақ журналист авторлыққа байланысы заң қабылданғалы жатқанын еске салып, сол уақытта бұл мәселе ескеріле ме деп сауалын нақтылады.

«Ол заң әлі түскен жоқ бізге.  Сондықтан ол туралы мен ақпарат айта алмаймын”, – деді ол.

Журналистің Назарбаев әнұран авторы болуға лайық па деген сұрағына мәжіліс төрағасы қысқа жауап қайырды.

“Енді кезінде сондай шешім қабылданды ғой”, – деді Қошанов мәжіліс кулуарында берген сұхбатында.

Другие новости

Back to top button