Қызылордада үздік каратэшілер анықталды
Тәуелсіздік күні мерекесінде Қызылордада облыстық каратэ-до және күрес өнерлері ферерациясының ұйымдастыруымен 6-15 жас аралығындағы спортшылар арасында каратэден (WKF) қалалық ашық турнир өтті.
Турнир мемлекеттік мереке мен еңбек ардагері Жақсылық Зимановты еске алуға арналды.
Қалалық мәдениет және спорт бөлімінің қолдауымен өткен шараға «Аквалайн» ЖШС демеушілік көрсетті.
Жарысқа 260 жас спортшы қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша Байқоңыр қаласы 50 медальмен 1-орынды, «Сарбаз» клубы 13 медальмен 2-орынды, №5 спорт мектебі 11 медальмен 3-орынды иеленді.
Төрешілер шешімімен «Ката бағдарламасының ҮЗДІГІ» болып катист Ким Ева марапатталды. Сәбит Еңлік «Кумитэ бағдарламасының ҮЗДІГІ» атанды.
Командалық кумитэ сайысы бойынша ұлдар арасында 1-орынды Қажымұқан спорт клубы жеңіп алса, қыздар арасында №2 спорт мектебі жеңіс тұғырына көтерілді.
Турнирге қатысқан командалардың көрсеткіштері:
1. Сыр болашағы – 2 алтын, 1 қола.
2. Қажымұқан спорт клубы – 3 алтын, 2 күміс, 4 қола.
3. №1 спорт школа – 3 алтын, 7 күміс, 7 қола.
4. Мансұр спорт клубы – 2 алтын, 3 қола.
5. ОРМБЖМ – 1 алтын, 2 күміс, 5 қола.
6. Локомотив спорт клубы – 3 алтын, 5 күміс, 9 қола.
7. Сарбаз спорт клубы – 4 алтын, 4 күміс, 5 қола.
8. №2 спорт мектебі – 3 алтын.
9. №5 спорт мектебі – 4 алтын, 1 күміс, 6 қола.
10. Байқоңыр қаласы – 11алтын,12 күміс, 27 қола.
11. Қармақшы – 1 алтын, 2 күміс, 5 қола.