Шымкент

«Несиесін өтемек болған»: Алматыда жаңа туған сәбиді сату дерегі анықталды

Шымкентте жаңа туған нәрестені саудалаудың тағы бір фактісі тіркелді.

Алматы облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жаңа туған баланы сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

 

.

«Облыстың 24 жастағы тұрғыны жүктіліктің жетінші айында әлеуметтік желіде баланы сату туралы хабарландыру жариялап, сатып алушыларды іздеумен айналысқан. Соңында ол балалары жоқ ерлі-зайыптыларды тауып, олармен келісім жасаған. Сатып алушы тарап әйелдің несиелік қарыздарын өтеп бермек болған. Бұл факт «Кәмелетке толмағандар саудасы» бабы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша, күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ Шымкентте де жаңа туған нәрестені саудалаудың тағы бір фактісі тіркелген.

«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 23 жастағы жас әйелдің өз баласын сатпақ болып, сатып алушыларды іздеумен айналысқанын анықтады. Ол делдал арқылы басқа облыстың 45 жастағы тұрғынын тапқан. Факт Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бала сәбилер үйіне орналастырылды. Күдікті қамауға алынды, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастағы.

Другие новости

Back to top button