Госорганы

Энергетика министрлігі халық ортақ шешімге келмей жатып неге АЭС құрылысына дайындалып жатыр

Бұл сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке қойды.

– Мен бұл сұраққа бірнеше рет жауап бердім. Өздеріңіз білетіндей, дайындық процесі ұлттық референдум өткізу туралы шешімнен бұрын басталған. Ауқымды жұмыс атқарылды, әлеуетті салушылар белгіленді. Ол жайлы айттық та. Біз қазір құрылыс туралы соңғы шешімді ұлттық референдумнан кейін ғана қабылдаймыз.

Тендерге қатысушылармен де кеңес жүргізіліп жатыр. Біз таңдау туралы шешім қабылдау процесін тоқтаттық. Кеңес беру — бұл біздің қазіргі байланыстарымыздан туындайтын күнделікті процес, — дейді ол.

Сондай-ақ, тілші дауыс бергенге дейін әлеуметті салушылармен кеңесу қаншалықты қисынды екенін сұраған.

– Егер теріс шешім қабылданса, бұл жұмыстардың барлығы қысқартылады, бірақ біз оң шешім қабылданады деп сенеміз, — деді ол.

Еске салайық, халыққа Жолдауында Қазақстан президенті АЭС құрылысына байланысты жалпыұлттық референдум өткізілетінін мәлімдеді.

Ulysmedia.kz тілшісі бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында атом электр станциясын салу жөнінде жария тыңдауға барып қайтқан еді. Үлкен ауылындағы көптен күткен үлкен жиынға жобаға қатысты компания өкілдері, Энергетика министрлігі мен Алматы облысы әкімдігінің қызметкерлері, жан-жақтан белсенділер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келген. Жиналғандар екіге бөлініп, жанжалдасып қала жаздаған болатын.

Көптеген қоғам қайраткері мен энергетиктер Қазақстанда қазір атом электр станциясын салу үлкен қателік екенін бірнеше рет айтқан. Сонымен қатар қоғамда құрылыс жобасы ресейлік «Росатомға» берілуі мүмкін деген алаңдаушылық бар.

Бұдан бұрын Энергетика министрлігі референдум өткізілгенге дейін АЭС құрылысына байланысты барлық жұмыстар тоқтатылғанын мәлімдеді.

Другие новости

Back to top button