Павлодарская область

Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қызды анасы танысымен бірге өлтірді деген күдікке ілінді

Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қызды өлтірді деп күдікке ілінгендер ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Полиция Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қызды өлтірді деген күдіктілерді анықтады. Павлодар облыстық ПД қызды анасы өлтірді деп айыптауда.

“Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған 2015 жылы туған Давыдова Милананың белгісіз жоғалып кетуінің мән-жайлары мен себептері анықталды. Кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері қылмыс іздерін жасырған қыздың анасы мен танысын ұстады. Ұсталғандар қылмысын мойындады. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп мәлімдеді ПД.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істейді, Павлодар облысы ПД, прокуратура және Павлодар облысы әкімдігінің басшылықтары бар.

Айта кетейік, 17 қараша күні сағат 16.00 шамасында Қоянды ауылдық округіне қарасты Бесқауға ауылындағы мектептің 3-сынып оқушысы, 2015 жылы туған Милана Давыдова жоғалып кеткен. Ауыл тұрғындары оны соңғы рет ауылдан бір жарым шақырым жерде көрген. Сол күні қыздың мәйіті табылған еді.

Другие новости

Back to top button