Госорганы

«Бұл әлі жоспар ғана»: Отбасы банк төрағасы 9-20-25 бағдарламасының қашан іске қосылатыны туралы айтты

2024 жылы 9-20-29 ипотекалық бағдарламасы іске қосылуы мүмкін. Алайда бұл әлі жоспар ғана. «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ләззат Ибрагимовадан Stan.kz тілшісі “9-20-25 бағдарламасы іске қосылса, 7-20-25 сияқты басталмай жатып лимиті бітіп қалатын бағдарлама қатарынан болмай ма?”,- деп сұрады.

«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы аталған бағдарламаның әлі басталмағанын және ешқандай лимиті де жоқ екенін айтты.

«Бағдарлама біздің жоспарымыз, есептеп жатырмыз. Бізге жас отбасылардан «кезекке тұра алмаймыз, 4 баламыз жоқ, арнайы бағдарлама жасап беріңіздер» деген сынды өтініш көп келеді. Сол жоспарымызға қатысты ақпарат интернетке тарап кетіпті. Ол бағдарлама болса, 2024 жылы ресми ақпаратын береміз», — деді Ләззат Ибрагимова.

Банк төрағасы 9-20-25 бағдарламасының шарттары мен тетіктері тек келесі жылы ғана белгілі болатынын айтты.

Другие новости

Back to top button