Павлодарская область

Павлодарда 4-сыныптың оқушылары жеті жасар балаға сексуалды азғындық жасаған: Зардап шеккен оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

Павлодарда 4-сынып оқушылары 2-сынып оқушысына сексуалды сипаттағы азғындық жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Істі тексеріп, тергегеннен кейін шенеуніктер ата-аналар мен мұғалімдерді жауапқа тартатынын мәлімдеді. Облыста тексеру жүргізілді.

4-сынып оқушыларының бірі жеті жасар баланы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген, ал құрдасы бәрін телефонға түсіріп алыпты. Кейінірек ата-аналар балалардың анайы ойындар ойнайтынын біліп қалған.

Павлодар әкімінің орынбасары Светлана Гладышеваның айтуынша, балалардың бәрі бір-бірімен жақсы таныс, жиі бірге ойнайды. Оқиға балалардың біріне қонаққа барғанда болған.

«Баланы зорлау фактісі болған жоқ, бірақ жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу болды», – деді Гладышева.

Тергеу барысында зорлық жасаған да, зәбір көрген баланың да ата-аналары күдікті деп танылады.

«Ата-аналарға қатысты да әкімшілік жауапкершілікке тарту басталды. 4-сынып оқушыларының ата-аналары баланы тәрбиелеумен айналыспағаны үшін, ал 2-сынып оқушысының ата-аналары балаға уақытылы көрсетпеген көмек көрсетпей әрі полицияға жүгінбегені үшін кінәлі деп жауапқа тартылады», – деді Светлана Гладышева.

Павлодарда ата-аналар жоғары сыныптың оқушысы жеті жасар баланы зорлағанын мәлімдеген еді. Алайда зәбір көрмеген баланың анасы оқушыға одан сайны қысым болады деп үнсіз қалған.

Другие новости

Back to top button