Происшествия

Мексикада 13 полиция қызметкерін өлтіріп кетті

Тағы екі полиция қызметкері жарақат алды

Мексиканың оңтүстігіндегі Герреро штатында қарулы топ кем дегенде 13 полиция қызметкеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Formula радиостанциясы хабарлағандай, қарулы шабуыл Акапулько-Сихуатанехо федералды тасжолында болған.

«Герреродағы Коюка муниципалды полициясына жасалған шабуылда 13 полиция қызметкері қаза тапты. Кем дегенде тағы екі полиция қызметкері жарақат алды. Қазіргі кезде шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр», — делінген хабарламада.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқандар арасында бір әйел офицер, сондай-ақ муниципалды полицияның басшысы бар.

Другие новости

Back to top button