Шымкент

Шымкенттің бас ұстазы Жанат Тәжиева қызметінен кетті

Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева өз өтінішімен қызметтен босады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.  

Жанат Тәжиева әлеуметтік желіде қызметтен босағаны жайында жазба қалдырып, білім саласында бірге жұмыс істеген әріптестеріне алғыс айтты.

«Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы қызметімді бүгін аяқтадым. Әр саланың өз орны бар. Дегенмен білім саласының жүгі де, жауапкершілігі де өте жоғары. Жалпы 38 жылдық еңбек өтілімнің 18 жылын мұғалімдік, 20 жылын мемлекеттік қызметте атқардым. Осы аралықта қаншама сын мен сынақ болғанымен шыңдала түсіп, өзіме жүктелген міндетті аса жауапкершілікпен атқардым. Шымкент қаласы білім саласының дамуына, республика көлемінде алдыңғы қатардан көрінуіне атсалысқан әріптестеріме, қала тұрғындарына алғысым шексіз!» деп жазды ол.

Көпшілік желі белсенділері Жанат Тәжиеваның жаңа қызметіне сәттілік тілесе, енді бірі білім саласында ауқымды жұмыс атқарғанын жазып жатыр.

Тіпті, Шымкенттің бас ұстазы болған ханым алдағы уақытта Түркістан облысы білім басқармасының басшысы болады деген болжам айтып жатқандар да бар.

Другие новости

Back to top button