Актюбинская область
Ақтөбеде 31 жастағы әйел жаңа туған сәбиін шайханаға тастап кеткен
«Көкек» ананы ата-ана құқығынан айыру мәселесі көтеріліп отыр
Үш апталық сәбиін шәйханаға әкеліп, баланы мекеме қызметкеріне «бес минутқа» қалдырып, жоғалып кеткен 31 жастағы әйел ата-ана құқығынан айырылғалы жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Диапазон ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Ақтөбелік келіншек қазірдің өзінде полицияда тіркеліп, тәртіп сақшылары оны тауып алған соң, үстінен хаттама толтырылған. Бүгінде оны ата-ана құқығынан айыру мәселесі көтеріліп отыр.
29 қыркүйекте Ақтөбедегі шайханада әйел баласын тастап, «ақша алуға» шығып кеткен, содан кейін ол жоғалып кеткен. Келесі күні полицейлер сәбидің жоғалған анасын тапты, оның досының үйіне «ішімдік ішуге» кеткеніе анықтаған.