Абай облыстық полиция департаментінің басқарма бастығы ұсталды
Әлеуметтік желілерде Абай облысы көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаеваның ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«27 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, делдал арқылы 1000 АҚШ доллары көлемінде қаражатты алып жатқан жерінде облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Гүлвира Дөненбаеваны ұстады», – делінген желіде тараған хабарламада.
Антикор ақпаратты растады.
«Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығын ұстады», – деп хабарлады департамент.
Ведомство жақын арада толыққанды мәлімет жарияланатынын атап өтті.
Гүлвира Дөненбаева бұдан бұрын 5 жыл бойы Астана қаласы ІІБ Көші-қон полициясы басқармасының бастығы қызметін атқарған. Содан кейін Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментіне ауысқан.