
Тимур Құлыбаев 1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1983 ж.). 1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Халық шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша бітірді. Біліктілігі – «Экономист».
Еңбек жолы:
1988-1990 жылдар аралығында – ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау Жоспарлау және нормативтер экономикалық ғылыми-зерттеу институтында (НИЭИ ПиН – ЖН ЭҒЗИ) қызмет атқарған.
1990 -1992 жж. – Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры ғылыми-консультациялық орталығының директоры.
1992-1995 жж. – «Алтын-Алма» концернінің басшысы.
1995-1997 жж. – Алматы сауда-қаржы банкі Кредит комитетінің мүшесі, байқау кеңесінің төрағасы.
1997 ж. – Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің Жобаларды бағалау және келіссөз жүргізу дирекциясының басшысы (төраға орынбасарының құқығында).
1997-1999 жж. – «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ-тың экономика және финанс жөніндегі вице-президенті.
1999-2001 жж. – «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы» ЖАҚ президенті.
2001-2002 жж. – «ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» компанияларының базасында құрылған «Мұнай және газ тасымалы» ұлттық компаниясы» ЖАҚ бас директоры.
2002-2005 жж. – «Қазақойл» және «Мұнай және газ тасымалы» ұлттық компанияларын біріктіру жолымен құрылған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ бірінші вице-президенті.
2005-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі.
2006-2007 жж. – «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2008-2011 жж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2011 жылдың сәуір айынан бастап желтоқсан айына дейін – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.
2010-2014 жж. – «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының Төралқа төрағасы.
2005 жылдың қарашасынан бастап осы уақытта – «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы.