Шымкент

Шымкентте пәтерде қамалған бала терезеге көтеріліп, төртінші қабаттан құлап кете жаздады

Екі жасар бала үйде жалғыз болған

Шымкентте ата-ана қарауынсыз қалған бала төртінші қабаттан құлап кете жаздады, деп хабарлайды OTYRAR.

11 қыркүйекте сағат 01:29-да қала тұрғынынан «112» нөміріне көппәтерлі үйде төртінші қабаттағы ашық терезенің жанында кішкентай баланың жылап тұрғаны туралы хабарлама түскен.

Ата-анасы баланы пәтерде қараусыз қалдырғаны белгілі болды. Ол терезеге көтеріліп, әйнекті ашып, қатты жылап, анасын шақырған.

Келген құтқарушылар апаттық-құтқару құралының көмегімен есікті ашты.

Үйде жалғыз қалған екі жасар бала қорқып, анасын табуға тырысқаны белгілі болды.

Неліктен ата-ана баланы жалғыз қалдырғанын полиция қызметкерлері анықтайды.

Другие новости

Back to top button