Шаңырақ

Танымал коуч қыз-келіншектердің не себепті өзінен жасы кіші жігіттерді таңдайтынын айтты

Әлеуметтік желі арқылы танылған коуч Роза Әшірбаева қыз-келіншектердің не себепті өзінен жасы кіші жігіттерге тұрмысқа шығатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

“Қазір өзі ақша табатын, өз-өзіне сенімді, материалдық тұрғыдан өзін қамтамасыз ете алатын қыздар өзінен 5-6, 10 жас кіші жігіттерге тұрмысқа шығады. Өйткені жас жігіттер алға қарай ұмтылады. Отыздан асқан, Кеңес үкіметінен мұраға қалған, қатып қалған милары бар еркектерге қарағанда жасы кіші жігіттер әлдеқайда жақсы. Сол себепті өз-өзін, денсаулығын күтіп қалған, ақша табатын қыздар шертіп жүріп таңдап, 25 жастағы жігіттерге тұрмысқа шығып алады. Бұл қалыпты нәрсе. Ешкім жасқа қарап жатқан жоқ. Себебі жас жігіттер бейілді, соның арқасында олар табысты. Ер азаматтарға қарсы шығып жатқаным жоқ. Тек артта қалып бара жатқандарын ескертудемін. Ал мені қарап, тыңдайтын жігіттерге менің оқырман қыздарымның ішінен кез келгенін таңдай беріңдер деймін”, – дейді Роза Әшірбаева

Сондай-ақ ол қыз-келіншектерге тұрмысқа шығар алдында ер адамдарды тексеріп алуға кеңес берді.

“Қазір әйелдер “еркекті бастан” деп отыр. Оянсаңдаршы, еркектер! Күйеуді дұрыстап таңдап алдыңдар. Басында несиесі бар ма, жоқ па тексеріп ал. Денсаулығын тексеріп алып барып ти. Әке-шешесінің үй бар ма? Қаңғып жүрмесін, ертең сенің мойныңда отырмасын”, – деп ақыл-кеңес берді танымал коуч.

Желідегі қыз-келіншектер коучтың бұл сөздерін қос қолдап қолдады.

“Сізді уақытында кездестіргенімде қателіік жібермес едім”, “Көбі тұрмысқа шыққан соі өкініп қалады”, “Жас жігіттердің бекер бетін қайтарыппын”, “Дұрыс айтады, өз басымнан өтті”, “Ең бастысы ақшасы мен денсаулығы”, “Ащы шындық”, “Сізбен келісемін”, – деп жарыса жазды әйелдер қауымы.

 

Другие новости

Back to top button