Бизнес

Ресей отандық өндірушілерді ығыстыруда: фермерлер импортқа тәуелділік артқанына алаңдаулы

Тамақ өнеркәсібі саласындағы отандық кәсіпкерлер қазіргі кезде Қазақстанда тамақ өнеркәсібін одан әрі дамыту емес, өндірістің ағымдағы көрсеткіштерін сақтау мәселесі өзекті болып тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Атамекен” ҰКП мәліметінше, сала өкілдері жақын арада отандық тамақ өнеркәсібін дамытудың оң перспективаларын көріп отырған жоқ.

«Қазақстандық қант өндірушілер ресейлік өнімдермен бәсекелестікте өнімді сата алмайды. Бүгінде қазақстандық қанттың құны 440 теңге, ал ресейлік қанттың құны 350 теңгені құрайды. Қант зауыттары қоймалары қантқа толып тұрғандықтан өндірісті тоқтатуға мәжбүр», – дейді мамандар.

Сарапшылар Қазақстан ресейлік азық-түлікке тәуелді болудың алдында тұрғанына сенімді.

Сонымен қатар, сала өкілдері Ресей қазақстандық өндірушілерді ығыстырып, біздің нарықтағы негізгі ойыншылардың біріне айналып, 2022 жылы болғандай өз жағдайын манипуляциялай бастайтынына алаңдаушылық білдірді.

Ресей 2022 жылдың 15 наурызынан 31 тамызына дейін ЕАЭО-ға қант жеткізуді шектеді. Сол кезде Қазақстанда қант сатумен барлық жерде үзіліс болды, деп еске салды мамандар.

«Қазір ресейлік шикі сүт қазақстандық сүт өңдеу кәсіпорындарына ҚҚС есебімен 130 теңгеден келіп түсіп жатыр. Ал біздің сүттің өзіндік құны 200 теңгені құрайды», – деп түсіндірді «Каверина С» ЖК басшысы Сергей Каверин.

Спикер қазақстандық бизнес бәсекелік емес жағдайда тұрғанын айтты.

Сүт өңдеу саласының өкілдері өңдеу кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдетіп өңдеу өнімдерін өндіру үшін сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары және жеке тұлғаларға сары май мен ірімшікті сату кезінде сүт өңдеу кәсіпорындарын мемлекеттік қолдаудың жетілмеген механизмі шеңберінде «Gosagro.kz»  мемлекеттік ақпараттық жүйенің күрделілігі мәселесін көтерді.

«Сүт өңдеу кәсіпорындарын субсидиялаудың қолданыстағы жүйесі мемлекеттік қолдау бізге толық қол жетімді болмайтындай етіп құрылған», – дейді сүт одағының басшысы Владимир Кожевников.

Сала сарапшыларының пікірінше, бүгінгі таңда экспорт кезінде ҚҚС қайтару қағидалары қайта өңдеушілердің қаржылық тұрақтылығын нашарлатады.

«Экспорттаушылар ҚҚС асып кетуін қайтаруға өтініш берген кезде салық органдары тікелей экспорттаушылардың ғана емес, бірінші-екінші және одан кейінгі деңгейдегі жеткізушілердің де бұзушылықтарын тексереді. Адал салық төлеушілер басқа адамдар үшін жауап беруге мәжбүр болады!»  – деді Астық өңдеушілер одағының басшысы Әлихан Талғатбек.

Осы мәселені шешу үшін қайта өңдеушілер ҚР жаңа Салық кодексін әзірлеу кезінде шикізат пен қайта өңделген өнімді экспорттау кезінде ҚҚС-ты сараланған қайтаруды енгізу мүмкіндігі мәселесін пысықтауды ұсынды.

Айта кетейік, Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.

Бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстандағы инфляцияны төмендету жолдарын ұсынған.

Другие новости

Back to top button