Сырдариядағы трагедия: суға батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды
Түркістан облысында Сырдария суына батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар бүгін сағат 10:40 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Енді суға батып кеткен бір адам іздестіріліп жатыр. Ол да кәмелетке толмаған жасөспірім.
Іздестіру шараларына жалпы 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылған.
Айта кетейік, 21 тамызда Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшесі Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында суға кетті. Бүгінде суған батқан 11 адамның 10-ы табылды. Кеше 9-шы адамның жаназасы шығарылды.
Бұдан бұрын ТЖМ Түркістан облысында суға кеткендердің жасы туралы мәлімет таратты:
1. 1983 жылы туған әйел
2. 2006 жылы туған қыз бала
3. 2004 жылы туған бойжеткен
4. 2019 жылы туған қыз бала
5. 2015 жылы туған қыз бала
6. 2017 жылы туған қыз бала
7. 2006 жылы туған ұл бала
8. 2009 жылы туған ұл бала
9. 1998 жылы туған әйел.
Табылмаған:
10. 2011 жылы туған ұл бала
11. 2013 жылы туған қыз бала.