Происшествия
Тұрғындар кішкентай қызды ұрламақ болған ер адамды соққыға жықты (видео)
Өзбекстанның Үргеніш қаласының тұрғындары кәмелеттік жасқа толмаған қызды ұрламақ болған ер адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News.mail сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиғаға куә болған тұрғындар ер адамды соққыға жыққан. Беті қансыраған адамның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оқиға орнында екі тәртіп сақшысы наразы тұрғындарды тыныштандыруға тырысуда. Баласы жылап тұрған ана қызымды ұрлап кетіп, зорламақ болды деп ер адамды айыптады.
Хорезм облысының ішкі істер департаменті оқиғаның 14 тамызда Үргеніш қаласында болғанын хабарлады.
Жергілікті тұрғындар ер адамды ұстап, кейін тәртіп сақшыларына тапсырды. Видеоға түсірілген азамат 43 жастағы Б.М. 2006 жылдан бері шизофрения диагнозымен психиатриялық диспансерде есепте тұрады. Бір күн бұрын диспансерге түскен.
Құқық қорғау органдары мән-жайды анықтауда.