Маңғыстау облысындағы кен орындарында технологиялық қондырғылар тоқтап тұр
Маңғыстау облысындағы кен орындарында электр энергиясын шектеу әлі жойылған жоқ. Соған байланысты технологиялық қондырғы тоқтап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «ҚазМұнайГаз» компаниясына сілтеме жасап, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның кен орындарында электр энергиясының жиынтық шектеу толық жойылмаған.
«2023 жылғы 4 шілдедегі сағат 13:00-де «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кен орындарындағы жағдай төмендегідей: Қаламқас кен орнының өндірістік нысандары үшін электр энергиясын жиынтық шектеу 40 МВт-тың 5-ін құрайды. Жетібай кен орнында 32 МВт-тың 13-ін құрап отыр. Шектеуге байланысты бірнеше технологиялық қондырғы тоқтап тұр», -деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Мәселен, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ-де қабат қысымын ұстап тұруға арналған 23 сорғы агрегаты бар. Оның 3-еуі тоқтап тұр.
Ал, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ-дегі осындай 12 агрегаттың 10-ы әлі іске қосылмаған. Мұнда 1182 ұңғыма бар. Оның ішінде 519 ұңғыманың жұмысы тоқтатылған.
«Биылғы жылы «MAЭK» ЖШС тарапынан 29 апаттық сөндіру немесе электр энергиясын беруді шектеу жағдайы болды. Осыған байланысты мұнай өндірудің тікелей шығыны 15 мың тоннадан астамды құрады», -деп атап компаниядан.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын электр қуатының жоқтығынан Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.
Зауыттың қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, электр желісіндегі ақаудың салдарынан қондырғылардың жұмысы апаттық жағдайда тоқтатылған.
«Атырау мұнай өңдеу зауыты 3 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 17:25-те жұмысын тоқтатты. Бұған «KEGOC» АҚ тарапынан электр энергиясының өшірілуі себеп болды», -деп мәлім етті қоғаммен байланыс бөлімінен.
Кейін атыраулықтар неліктен жарықсыз қалғаны айтылды.
Ал, Маңғыстау атом электр комбинаты 1-энергия блогында жөндеу жұмысы басталатынын жазған болатынбыз.