Павлодарская область
Павлодар әкімінің орынбасары қамауға алынды – Антикор
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар қаласы әкімінің орынбасарын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті Павлодар қ. ПБ УҰИ-на қамауға алынды.
«ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», — деп хабарлады Антикор.